Қазақстанда коронавирустан тағы 2 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 58 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Қайтыс болғандардың бірі - Павлодар облысының тұрғыны. Ол әйел 1957 жылы туған. Екінші адам - 1966 жылы туған ер адам. Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 58 адам қайтыс болды.