Ол Атырауда мұнайшыларға концерт бергенін айтты
Танымал әнші Алтынай Жорабаева тойға шығып, ең көп алған гонорары қанша болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші «Хабар» телеарнасының «КешRec» бағдарламасына сұхбат беріп, тойларға шығып тапқан табысы жайлы құпиясын айтты.
«Атырауға мұнайшыларға барған кезім болатын. Ол кезде қасымда Нұрлан мен Мұрат (ред. дуэт әнші) бар. Ол кезде гонорарымыз 1-2 мың доллар ғой. Мұрат сол кезде концертке қосып, артынан маған 5 мың доллар берген», - дейді Алтынай Жорабаева.
Алайда, әншінің бұл пікірі жұрттың көңілінен шықпай, тарапынан қатаң сынға ұшырады.
«Ақша, ақша, ақша. Басқа рухани мәні бар, тәрбие, ұрпаққа өнеге, отбасы құндылықтары, болашаққа дайындық деген әнгімелер қайда?», «Бұрын ақша жоқ кезде солай еді қазір ақша бар, байқаңыздар, дүние өзгертеді, жүрекке кіріп кетсе», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін тойлардың бірінде билеген Алтынай Жорабаева жұрттың сынына іліккені хабарланған болатын.