Жанкүйерлер топтан көңілі қалғанын жарыса жазып жатыр
Ресейлік порноактрисамен суретке түскен «Ирина Қайратовна» тобы көптің сынына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
КТК-ның мәліметінше атышулы Ева Эльфи Астанада өткен киберспорт турниріне құрметті қонақ ретінде келген.
«Сол шарада «Ирина Қайратовнаның» жігіттері порножұлдызбен суретке түскен», - деп атап өтті телеарна.
Бұл фото желіде жылдам таралып, әсіресе Threads желісінде қызу талқыға түсті.
Жанкүйерлер топтан көңілі қалғанын жарыса жазып жатыр. Ева Эльфи қонақ ретінде қатысқан «Барыс Аренадағы» шараға мыңнан аса адам жиналған.
Еліміздің туризм және спорт министрлігі, іле-шала, бұл турнирге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Яғни оны халықаралық тәуелсіз киберспорт ұйымы ұйымдастырыпты.