Ол бұл мәселе қазір өзекті болып отырғанын айтты
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отбасы банк» қызметін ауылдар мен моноқалаларға бағыттау жөніндегі тапсырмасының әлі де нақты тетіктерсіз қалып отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгінде ауыл мен моноқалаларда 8,7 млн адам тұрады – бұл Қазақстан халқының 43%-ы. Бірақ тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі қала мен ауыл арасында айтарлықтай айырмашылықта. Қалада бір адамға шаққанда 26,9 шаршы метр болса, ауылда небәрі 20,7 шаршы метр», – деді депутат.
Ерлан Сайровтың айтуынша, 2025 жылдың басында:
Оның үстіне, жаңа тұрғын үйдің тек 20%-ы ғана ауылдық жерлерде салынған. Мұның басты себебі – ауыл халқы үшін ипотекалық өнімдердің қолжетімсіздігі мен ақпараттың аздығы.
2024 жылы «Отбасы банк» «Асыл мекен» пилоттық бағдарламасын іске қосып, ауылдарда жеке тұрғын үй салуға және сатып алуға 2 млрд теңге бөлген. Қатысушыларға 10 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ұсынылды. Бағдарламаға «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша кезекте тұрған азаматтар басымдықпен тартылды.
Алайда бағдарлама тиімділігіне қарамастан, қаржыландыру тоқтатылып, бастама жалғасын таппады.
«Президенттің “аудан орталықтарына, моноқалаларға, ауылға назар аудару” туралы тапсырмасы нақты іске асырылмай отыр. Бұл – мемлекеттің әлеуметтік саясатына деген немқұрайлықтың көрінісі», – деді Саиров.
Ерлан Сайров ұсынған нақты шаралар:
«Асыл мекен» бағдарламасын тұрақты қаржыландыру
Ауылға бейімделген ипотекалық өнімдер әзірлеу
Әкімдіктермен үйлестіруді күшейту
Консультациялық қызметтерді кеңейту
Депутат Ерлан Сайровтың бұл бастамасы ауыл тұрғындары мен моноқала тұрғындарының тұрғын үйге қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Ол «Отбасы банк» қызметін қайта қарап, әділетті және теңгерімді тұрғын үй саясатын іске асыру қажеттігін алға тартты.