Жыл басынан бері 41 қылмыстық топ қолға түсті
Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы бес жылда ел бойынша мал ұрлығына қатысты қылмыстар едәуір төмендеді. Құзырлы орган бұл нәтижені қабылданған шаралармен байланыстырады.
Алматы облысында жайылымнан ірі қара мал ұрлаған үш адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Тергеу барысында олардың 30-дан астам сиырды ұрлағаны дәлелденді.
Күдіктілердің бірі – Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Олар әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, сойып, етін Алматы қаласындағы базарларда сатып отырған.
Павлодар облысында да үш адамнан тұратын тағы бір қылмыстық топ қолға түсті. Олар 2023 жылдың желтоқсанынан бері Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған.
Күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеген, сол қызметін пайдаланып, екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны заңсыз иеленгені анықталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мал ұрлығымен күрес – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Нәтижесінде:
Министрлік қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік шараларын ескертеді: