Актер балаларына 8 айдан бері алимент төлемеген
Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің ажырасып кеткен жұбайы Фариза Алмазқызына жазған хаты жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актердің экс-жұбайы Нұрсұлтан Жақсыгеннің 8 айдан бері алимент төлемегенін айтты.
«Ақша тап, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ қойдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қойшы.
Менің бір емес екі үйім бар, сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын, не істерімді білмей. Аллаға шүкір, шертіп таңдай аламын, қыз деген көп емес пе», - деп экс-әйеліне хат жазған.
Фариза Алмазқызы өз кезегінде алиментке қатысты арыз жазғанын айтты.
«Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Азанмен сот орындаушы хабарласып, 8 ай алимент төлемеген үшін арыз жазып кетіңіз деді», - дейді Фариза Алмазқызы.
Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Жақсыген сұхбаттарының бірінде әйеліне хабарласып, кешірім сұрағаны хабарланған. Алайда, Фариза Алмазқызы экс-күйеуін кешіргенін, бірақ енді қайтып қосылмайтынын айтқан.