Екі елдің президенттері мәселені тікелей талқыламақ
Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы тікелей байланыс қайта орнатылды және қазіргі уақытта жалғасып жатыр. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, мемлекетаралық диалог қайта жанданғанымен, нақты қай жерде және қандай форматта жалғасатыны әзірге белгісіз.
Песковтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы тікелей байланыс мәселесі де күн тәртібінде тұр. Бұл тақырып АҚШ президенті Дональд Трамппен жүргізілген әңгіме барысында да қозғалған.
Алайда, тараптар келіссөздердің орны немесе уақыты бойынша нақты шешім қабылдамаған.
Баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Песков екі ел арасындағы ықтимал меморандумға қатысты да пікір білдірді.
«Меморандумның дайын болу мерзімі жоқ және болмауы да мүмкін. Бұл жерде барлық мәселе егжей-тегжейге қатысты», — деді ол.