19.05.2025, 15:57
Жаңалықтар
Семейде мас адам көшеде тұрған бөтен көлікті айдап кеткен
Ол енді 5 жылға сотталып кетуі мүмкін
Фото: Видеодан скрин
Семейде мас ер адам таңертеңгі уақытта көшеде тұрған бөтен көлікті айдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
МАС АДАМ ҚАЛАЙ ТАБЫЛДЫ?
Таңғы уақытта Семей көшелерінде полиция қызметкерлері көлікті мас күйде айдаған жүргізушіні қуып жүріп ұстады. Құқық бұзушының бағыты Оперативтік басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы бақылауда болды.
КӨЛІКТІҢ ҚҰНЫ ҚАНША?
Ұсталған азамат – 30 жастағы семейлік тұрғын. Тексеру барысында оның автокөлікті тұрғын үй ауласынан заңсыз айдап кеткені анықталды. Келтірілген шығын – 1,2 млн теңге.
Бұған дейін ол осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Енді оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)