Қазақстан, Ресей және Қырғызстан – бірлескен операция
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей мен Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе отырып, екі халықаралық есірткі арнасын жою бойынша арнайы операциялар жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде, аталған елдер аумағында есірткіні көтерме саудамен таратқан 4 адам ұсталды.
Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленіп, айналымнан алынды.
Есірткі саудасына қарсы бағытталған халықаралық іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр. ҰҚК тарапынан арналарды түпкілікті жою жұмысы жүргізіліп жатыр.