Мемлекет егде жастағыларға арналған қолдауды күшейтіп жатыр
2025 жылы Қазақстан халқының қартаю үрдісі күшейе түсті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде 65 жастан асқан азаматтар үлесі 9,2 пайызға жетіп, шамамен 1,87 миллион адамды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдегі демографиялық өзгерістерге байланысты Үкімет зейнеткерлерге қолдау шараларын кеңейтіп, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының санын арттыруда. Қазір елімізде 120 орталық жұмыс істейді: оның 57-сі – қалалық, 63-і – ауылдық жерде орналасқан.
Орталық жұмысы үш негізгі бағытты қамтиды:
Орталықтарды дамытуға 2024 жылы жергілікті бюджеттен 5,9 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы бұл сома 6,7 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Қызмет басталғалы 20 мыңнан астам іс-шара өтіп, 3,8 мыңға жуық қызмет түрі көрсетілген.
Қартаю үдерісімен күресу үшін Қазақстан егде жастағы азаматтарға жүйелі көмек көрсетуді жалғастыруда. Зейнеткерлердің белсенді өмір сүруіне бағытталған бұл бастама олардың қоғамдағы орнын нығайтып, өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.