Айтыс алғаш рет ЮНЕСКО-да ұйымдастырылды
17 мамыр күні Франция астанасы Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстан мен Қырғызстанның ақындары арасында алғаш рет айтыс өтті. Бұл шара – екі бауырлас халықтың ортақ мұрасы саналатын айтыс өнерінің әлемдік деңгейде насихатталуына бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шараның басты мақсаты – қазақ пен қырғыз халқына ортақ ауыз әдебиетінің жауһары – айтыс өнерін кеңінен таныту. Айтыс 2015 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енген болатын. Биыл осы оқиғаға 10 жыл толып отыр.
Поэзиялық сайысқа Қазақстан мен Қырғызстанның таңдаулы ақындары қатысып, бес раунд бойы өнер көрсетті. Ақындар домбыра мен қомуздың сүйемелдеуімен суырыпсалма өнерін паш етті. Айтыс қазақ және қырғыз тілдерінде өтті.
Сайысты бағалауға Қазақстан мен Қырғызстан парламенттерінің депутаттары мен мәдениет қайраткерлері шақырылды. Олардың қатарында белгілі жыршылар мен айтыс майталмандары бар.
Шараға қолдау көрсеткендер:
Бұл айтыс – Еуропаның төрінде, мәдениеттер тоғысқан Париж қаласында, қазақ пен қырғыз халықтарының рухани дүниесін танытқан маңызды мәдени оқиға болды. Мұндай шаралар бауырлас елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтып қана қоймай, ұлттық өнерді халықаралық аренада дәріптеуге де ықпал етеді.