Жоғары білікті кадрларға сұраныс жалпы бос жұмыс орындарының 31% құрайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек биржасында ауылдарға баратын мамандарға 2 миллион теңге жуық жалақы ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің ресми сайтына жасап.
Сәуірде «Enbek» электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан да, ізденушілер тарапынан да іскерлік белсенділік өскен:
Осы жылдың наурыз айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 17,3 мың бірлікке (+22%), ал түйіндеме саны – 19,7 мыңға (+21%) өсті. Еңбекке сұраныс құрылымында біліктілік деңгейі орташа мамандар үшін бос жұмыс орындары басым – 46%.
«Жоғары білікті кадрларға сұраныс жалпы бос жұмыс орындарының 31% құрайды, ал бос жұмыс орындарының 23% біліктілік дәрежесін талап етпейді. Осылайша, тар бейінді мамандарға сұраныстың жоғары деңгейімен орта буын мамандарына деген қажеттілік тұрақты түрде сақталады», - деп жазылған хабарламада.
Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны мына позициялар бойынша белгіледі:
«Бұл ретте кейбір бос жұмыс орындары бойынша басшы лауазымдарға үміткерлер мен it-дизайн саласындағы мамандар шамамен 9 млн теңге, бас директордың позициясына шамамен 8 млн теңге жалақы алғысы келетінін көрсетті», - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың сәуірінде іскерлік және экономикалық белсенділік өсіп, орта біліктілік деңгейіндегі бос жұмыс орындарына қызығушылық артты, сондай-ақ еңбек нарығында тұрақты жас және гендерлік құрылым сақталды.