Еуропа біріншілігін өткізуі тиіс елдер шу шығарды
Қазақстан 2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізетін үміткер елдердің қатарына енді. Бұл туралы Futsal Kazakhstan басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Футзалдан Еуропа біріншілігі 2026 жылы Литва мен Латвияда өтуі тиіс еді. Алайда турнир иелері жарысқа алғаш рет жолдама алған Беларусь құрамасын қабылдаудан бас тартқан.
Осыған байланысты 21 мамырда өтуі тиіс болған плей-офф кезеңінің жеребесі кейінге қалдырылды.
Турнирді қабылдай алатын елдердің қатарында Қазақстан да бар. Елдегі спорттық инфрақұрылым халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға толық сәйкес келеді. UEFA бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді алдағы уақытта жариялауы мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне тікелей өте алмады. Бас бапкер Рикардо Каканың шәкірттері өз тобында екінші орын алып, 15–24 қыркүйек аралығында өтетін плей-офф кезеңінде бақ сынайды.