Астана әкімдігі осыған қатысты түсініктеме берді
Астанадағы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаладағы бірнеше көшеде құрылыс және жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті. Осыған байланысты бірқатар жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұқар Жырау көшесі
Күйші Дина көшесі
Ж.Молдағалиев көшесі
Ш.Айтматов көшесі
Арқар көпірі (М1)
М.Жұмабаев даңғылы
Ш. Бейсекова – Н.Тілендиев қиылысы
Ұлы Дала даңғылы
Домалақ ана көшесі
Тәуелсіздік даңғылы
Фахт бен Абдул Азиз көшесі
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген әкімдік хабарламасында.