Алаяқтың алаяқ екенін қандай жолмен анықтауға болады
Цифрлық заманда алаяқтықтың түрі де өзгеріп жатыр. Соңғы уақытта қылмыскерлер жасанды интеллект пен deepfake технологияларын шебер пайдаланып, адамдардың сеніміне кірудің жаңа жолдарын меңгеріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ мәліметінше, алаяқтар енді банк қызметкері, полиция немесе тіпті жақын туысыңыздың дауысын дәл салып, хабарласа алады. Олар генеративті жасанды интеллектіні пайдалана отырып, нақты адамның дауысын көшіріп, сенімді хабарламалар мен қоңыраулар арқылы өз мақсатына жетуге тырысады.
Тағы бір қауіп – deepfake технологиясы. Алаяқтар танымал тұлғалар мен жақындарыңыздың түр-әлпетін шынайы етіп жасап, видеоқоңырау шалып алдауы мүмкін. Бұл – психологиялық қысым жасау арқылы адамның жылдам шешім қабылдауына итермелейтін тәсіл.
Полиция алаяқтардан қорғану үшін төмендегідей белгілерге назар аударуды кеңес етеді:
«Күмән тудыратын хабарламалар мен қоңыраулар туралы дереу жақындарыңызға хабарлаңыз немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.