$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында ит-мысығына ие болмаған 444 адам жауапқа тартылды

Полицейлердің айтуынша, мұндай шаралар жануар иелерін тәртіпке шақырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған

Павлодар облысында ит-мысығына ие болмаған 444 адам жауапқа тартылды
Фото: freepik.com

Жыл басынан бері үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін Павлодар облысының полициясы 444 үй жануары иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Архангельск көшесінде болған оқиға: Тұрғындардың бірі полицияға қоңырау шалып, бос жүрген иттің үріп, адамдарды қорқытқанын айтқан. Тіпті 10 жасар бала қорқып, үйіне кіре алмай қалған. Учаскелік инспектор иттің иесін анықтап, тиісті шара қолданды. Иесінің айтуынша, ит байлаулы тұрған жерінен шешіліп кеткен.

Үй жануарларын ұстау ережелері қандай?

Полиция департаменті тұрғындарға ит пен мысықты ұстау тәртібін тағы бір еске салды:

  • Иттер жеке ауланың ішінде болуы керек. Аулада ит бар екені туралы ескерту белгісі ілінуі шарт.
  • Балалар алаңдары, мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, саябақтар мен стадиондарда ит пен мысықты серуендетуге қатаң тыйым салынады.
  • Қоғамдық орында үй жануары қарғыбау мен тұмылдырықсыз жүрмеуі тиіс.
  • Егер жануар қоғамдық жерде нәжіс қалдырса, оны иесі міндетті түрде тазалауға тиіс.

Неліктен бұл маңызды?

«Үй жануарларына жауапкершілікпен қарау – тек заң талабы ғана емес, қоғамдық қауіпсіздік пен мәдениеттіліктің көрсеткіші. Ит пен мысық – адамның досы, бірақ олар да қауіп көзіне айналуы мүмкін. Сондықтан әрбір иесі өз жануары үшін жауапты», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары