«Best Warrior» сайысы 10 негізгі бағыт бойынша өтеді
Қазақстан әскери қызметшілері Аризонадағы халықаралық Best Warrior байқауында рекорд орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері АҚШ-тың Аризона штатында өтіп жатқан халықаралық «Best Warrior» байқауында үздік нәтижелер көрсетіп жатыр.
Жыл сайын Аризонадағы Кемп Навахо әскери базасында ұйымдастырылатын бұл беделді додаға биыл АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуам, Тонга және Филиппиннен келген үздік жауынгерлер қатысуда.
Биыл Қазақстанның намысын 54835-А әскери бөлімінің 3-сыныпты сержанты Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімінің 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғап жатыр. Екеуі де бұған дейін республикалық және халықаралық деңгейдегі әскери жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен тәжірибелі мамандар.
«Best Warrior» сайысы 10 негізгі бағыт бойынша өтеді:
Қазақстандық әскери қызметшілер байқауда АҚШ армиясының қару-жарағын қолданып, шетелдік нормативтерді орындаса да жоғары кәсібилік танытып келеді. Атап айтқанда, 3-сыныпты сержант Аслан Дархан 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, Аризона штатының Ұлттық гвардиясы тарихындағы рекордты жаңартты.
18 мамырға дейін жалғасатын халықаралық байқау Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Әскери дайындық пен жауынгерлік қабілеттілікті бағалайтын мұндай додада еліміздің өкілдері нағыз кәсіби жауынгерлер екенін көрсетуде.