Таразда жүкті әйел көршілерімен бірге ескі лифтіде қамалып қалды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келді

Фото: Freepik.com

Тараз қаласының 13 шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде жүкті әйел 6 ересек адаммен бірге қамалып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оларға көмекке ТЖМ құтқарушылары жетті. Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. 2 адамның нашар сезінуіне байланысты, оларға ТЖМ АМО бригадасы медициналық көмек көрсетті.

ТЖМ лифтте тұрып қалғанда келесі ережелерді ұстану керек екенін еске салады:

  1. өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
  2. диспетчерге хабарласыңыз;
  3. барлық түймені қатарынан баспаңыз;
  4. лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
  5. барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.