Қазақстанның бірқатар өңірі түнгі уақытта жаңбырлы болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: Freepik.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде нөсер жаңбыр жауады деген болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Ақмола облысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз болады.

Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауады.

Қостанай облысын тұман басады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында да түнгі уақытта жаңбыр болады.

Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай және Қызылорда облыстарында жауын-шашын болмайды.

Жамбыл облысында қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріледі.