Ол 7 мамыр күні түнгі клубтан шыққаннан кейін жоғалып кеткен
Қостанай облысының Жітіқара жерінде із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігіттің мәйіті өзеннің түбінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Хризотил КМ» басылымының мәліметінше, 24 жастағы жігіттің денесі жағадан 20 метр жерде өзеннің түбінен табылған.
Аталған факті бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетерлігі, 24 жастағы жігіт 7 мамыр күні түнгі клубтан шыққаннан кейін жоғалып кеткен болатын.