Қарағанды облысында коронавирус белгілерімен 18 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 1147 адам анықталған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 18 адам тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 18 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және ауырға адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

«Қарағанды қаласында – 1 адам, Теміртау қаласында – 12, Саран қаласында – 3, Абай ауданында – 2 адам анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр», - делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

Облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1147 адам анықталған, олардың ішінде 6 адам қайтыс болған және 461 пациент жазылып шыққан.