Атышулы блогер Сабина Мовлаева Канн фестиваліне қатысып, актер Том Крузбен кездесті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол Канн кинофестивалінде қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, киген киімін паш етті

Фото: Instagram/sss.sabina

Қазақстандық атышулы блогер Сабина Мовлаева Францияда Канн фестиваліне қатысып, Голливудтың атақты актері Том Крузбен түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Канн кинофестивалінде қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, киген киімін паш етті.

«Бізді түнгі сағат 1 болды. Ойлаңыздаршы, төрт көйлек кидім, 3 мәрте Канн фестиваліне бардым. Шаршадым. Ертең үйге қайтамын. Бәрі «Where are you from?» деп сұрап жатыр. Бәріне қызық, менің қай жақтан келгенім», - дейді Сабина Мовлаева.

Айта кетейік, осыған дейін блогер ашық киінемін деп жұрттың сынына қалғаны хабарланған болатын.