Алматы облысында COVID-19 вирусы 426 адамнан анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте тағы 4 адам қауіпті індетті жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирус инфекциясының 4 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Індет жұқтырудың 3 жағдайы – Талдықорған қаласында, 1-еуі Алакөл ауданында тіркелді.

«1957, 1975, 1978 жəне 1990 жылы туған азаматтар дене қызуына, əлсіздігі мен тамақ ауруына шағымданып, медициналық көмекке жүгіну үшін жедел жəрдем шақыртқан. Олар тексеріліп, инфекциялық бөлімге ауыстырылды», - делінген ақпаратта.

Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасады.

Сөйтіп, Алматы облысында  COVID-19 инфекциясының 426 жағдайы тіркелді, оның ішінде 267 адам айығып шықты.