Туу көрсеткіші 16 пайызға төмендеген
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында тірі туылған нәрестелер саны 77,3 мыңды құрап, бұл көрсеткіш 2014 жылдан бері тіркелген ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Data hub ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сараптама жасаған. Тірі туғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 16%-ға азайған.
2024 жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, тірі туғандар саны Қазақстанның барлық 20 өңірінде төмендеген. Ең төмен көрсеткіштер Ақмола (-22%) және Жетісу (-20,1%) облыстарында тіркелді.
Ауылдық жерлерде бала туу деңгейінің төмендеуі қалаға қарағанда айқынырақ: ауылда -18,1%, қалада -14,2%. Туу коэффициенті (тірі туғандар санының 1000 адамға шаққандағы қатынасы) да азайып келеді.
Редакция осы статистикаға қатысты ҰСБ-на сұрау жіберді.