Олар анықтамасы болған жағдайда оқшауланбайды
Енді шетелден келгендер 2 күн карантинде жатады. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өзге елдерден келгендердің анықтамасы болса, олар оқшауланбайды. Бұл анықтама 5 күнге жарамды. Жеке көлігімен келетіндер де бақылау-өткізу бекеттерінде тест тапсырады. Тексеру кезінде жолаушыдан коронавирус анықталса, ол бірден ауруханаға жатқызылады», - деп жазылған қаулыда.