Атырау облысында 600 келіден астам бекіре тиелген көлік ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Атырау облысы Полиция Департаментінің қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары-Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балық тиелген көлікті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп жазылған хабарламада.