Бразилия футбол конфедерациясы бұл ақпаратты ресми түрде жариялады
Футболдан Бразилия ұлттық құрамасын «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бразилия футбол конфедерациясы бұл ақпаратты ресми түрде жариялады.
65 жастағы италиялық бапкер 1965 жылдан бері Бразилия тізгінін ұстаған алғашқы шетелдік маман болып отыр. Ол кезде команданы аргентиналық Филпо Нуньес жаттықтырған болатын.
Анчелотти енді ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындайды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта бразилиялықтар Оңтүстік Америка аймағында мундиальдің іріктеу кезеңінде төртінші орында тұр.