Алматы тауларына шыққан Вьетнам азаматы адасып кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Құтқарушылар адасып кеткен Вьетнамдық туристті тапты

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Алматы тауларына шыққан вьетнамдық турист жүрген жолынан адасып, төмен түсе алмай қалды. Шетел азаматын іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқару жасағы Вьетнам азаматын іздеу үшін Бостандық ауданының тауларына шықты. Нақтыланған мәліметтер бойынша ол теңіз деңгейінен 2510 м биіктікте тауға көтеріліп, адасып кеткен.

Құтқарушылар Үлкен Алматы көлі ауданына Шүкір асуы бағытына 5 км жүріп өтіп, адасқан туристі тапты. Оған медициналық көмек қажет емес еді. Іздеу жұмысына кинологиялық есеп және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.