13.05.2025, 08:56
Жаңалықтар
Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам қаза тапты
Осыған байланысты республикалық жолдарда шаралар қабылданды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Абай облысында жыл басынан бері жол апатынан 400-ден астам адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 11 адам қаза тауып, 411 адам жарақат алған. Негізгі себеп – жылдамдықты асыру, қауіпті маневрлер және жауапсыздық.
Республикалық жолдарда қабылданған шаралар:
- Жылдамдықты уақытша шектеу (90/70/50 км/сағ),
- Жолдың тарылуы туралы ескерту белгілері,
- Назар аудартатын стробоскоптар орнатылды.
«Жол қауіпсіздігі – ең алдымен жүргізушінің саналы әрекетінде. Қауіпсіздік – әрбір көлік қатысушысының қолында», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды