$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2020, 23:27
Жаңалықтар

8 маусымнан бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Облыста СOVID-19 індетіне шалдыққандар саны 7 пайызға артқан

8 маусымнан бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында СOVID-19 індетіне шалдыққандар санының 7 пайызға артуына байланысты 8 маусымнан бастап карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мына нысандардың жұмысына тыйым салынады: 

1) Кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, интернет және компьютер клубтары, ойын-сауық орындары;

2) Түнгі клубтар, кальян тарту орындары;

3) Ойын-сауық нысандары (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубы, квесттер, боулинг орталықтары және басқалары);

4) Сыйымдылығы 30 орыннан көп мейрамханалар, дәмханалар, тойханалар;

5) Жекелеген нөмірлері мен кабиналарын қоспағанда моншалар мен сауналар; 

6) Балалар актракциондары. 

Сонымен қатар мынадай шектеулер облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, ауылдар арасында жүруіне шектеу енгізілді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер жұмысына таңертеңгі сағат 06-ден 10-00-ге дейін және кешкісін сағат 17-00-ден 21-00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.

Серіктес жаңалықтары