Ол желіде өлең оқып, жылы сөздерін жазды
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса жазбасында Аналар күніне орай өлең оқып, жылы сөздерін айтты.
«Ана – жарық өмірдің алғашқы шуағы,
Баланың ең алғашқы пана тұтар аспаны.Ол – жанның тыныштығы, жүректің шуағы. Оның алақанында бүкіл әлемнің жылулығы сезіледі», - деді әншінің жұбайы.
Ол жазбасының астына мынадай бір шумақ өлең қалдырды:
«Аялайық, Ана деген асылды,
Біздер үшін шуақ болып шашылды.
Құрметтей біл перзентісің сен оның,
Ана арқылы өмірге есік ашылды!» - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.