Қазақстанда міндетті экспресс-тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың қатарында осы жылдың ақпан айынан бастап суық тиіп ауырған адамдар бар

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес, экспресс-тестілеу иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

COVID-19-ға экспресс-тестілеуге жататын адамдар (анамнезінде осы жылдың ақпан айынан бастап суық тию ауруымен ауырып сауыққан адамдар):

  • теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер;
  • COVID 19 таралуының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);
  • карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері;
  • медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер, сондай-ақ шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттер.