Кездесу 4:1 есебімен немістердің жеңісімен аяқталды
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Хернинг қаласында (Дания) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында элиталық дивизиондағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құраманың қарсыласы Германия болды. Кездесу 4:1 есебімен немістердің жеңісімен аяқталды.
Қазақстан келесі кездесуін 13 мамыр күні Венгрия құрамасына қарсы өткізеді. Матя Астана уақытымен 23:20-да басталады.
Германия – Қазақстан – 4:1 (1:1, 1:0, 2:0):