Жер сілкінісі шамамен бес секундқа созылған
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Сейсмологиялық мәліметке сәйкес, зілзаланың магнитудасы 4,2-ні құраған. Жерасты дүмпуі 11 мамыр күні сағат 11:44 шамасында тіркелген. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) және оқиға орнындағы мамандардың деректеріне сүйенсек, жер сілкінісінің эпицентрі 46°09’36’’ солтүстік ендік пен 53°21’00’’ шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.
Куәгерлердің айтуынша, жер сілкінісі шамамен бес секундқа созылған. Қазіргі таңда табиғи құбылыстың салдары мен ықтимал зардаптары анықталуда.