Астанада көпірдің аркасына шығып кеткен адам құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Құтқарушылар оны полиция қызметкерлеріне тапсырды

Фото: ТЖМ

Бүгін Астананың Сарыарқа ауданында құтқарушылар ерекше жағдайға байланысты жедел құтқару операциясын сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1993 жылы туған ер адам Қараөткел көпірінің аркасына шығып кеткен. Бұл туралы шұғыл қызметке хабарлама түсісімен, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы оқиға орнына дереу жеткен.

Құтқарушылар ер адамды аман-есен төмен түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.