Бағыттар бойынша жаңартылған ақпаратты CTS компаниясының парақшаларынан білуге болады
Астанада бірнеше автобус бағытының жүру схемасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген автобустардың қатарына №№ 5, 5А, 8, 9, 11, 13, 22, 22А, 28, 31, 33, 55А, 60, 73, 80, 84, 505, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322 және 327 бағыттары кіреді.
Компания уақытша өзгерістерге байланысты жолаушылардан түсіністікпен қарап, бағыттар бойынша жаңартылған ақпаратты City Transportation Systems компаниясының Instagramпарақшасынан бақылап отыруды сұрайды.