Оларға қатысты сот үкімі 15 шілдеде жарияланады
Ғасырлар бойы өсіп тұрған ағашты кескен вандалдар екі жыл бойы іздестірілді. Олар қазір табылып, сотты болып жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Рим дәуіріндегі Адриан қабырғасының жанындағы ағашты 39 жастағы Дэниел Грэм мен 32 жастағы Адам Каррутерс кесіп тастағаны анықталды. Бұл 2023 жылдың 28 қыркүйегінде, «Агнес» дауылы күшейген кезде болды.
Судья Ламберт соңғы үкімін 15 шілдеде шығарады. Айыпталушы қамауда қалады және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Грэм мен Каррутерс кінәсін мойындамады. Олар ағаш кесу кезінде Камбриадағы үйінде болғанын айтты. Алайда телефондары мен көлігінің орналасқан жері олардың сол түні қылмыс орнында болғанын көрсетеді. Екі телефонда да кесілген шынар ағашының фотосы мен ағаштың құлаған сәтінің видеосы бар.
Шынар ағашы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген тарихи Адриан қабырғасының жанында өсіп тұрды. Ол шамамен 1900 жыл бұрын Рим империясының солтүстік-батыс шекарасын қорғау үшін салынған. Онда бірнеше ғасыр бұрын өскен шынар ағашы ондаған жылдар бойы жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орны болған.