Жексенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер әр қалаға арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада ауа райы құбылмалы, бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.

Алматыда күн құбылмалы, бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы: түнде +14...+16°C, күндіз +22...+24°C.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні: 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпінін: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +25...+27°C.

Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні: 12 м/с. Ауа температурасы: түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.

Атырауда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде 2-7 м/с, күндіз 6-11 м/с жел тұрады. Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Жезқазғанда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні: 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде +11...+13°C, күндіз +26...+28°C.

Қарағандыда күн құбылмалы, бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел: 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.

Көкшетауда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел: 6-11 м/с. Ауа температурасы: түнде +10...+12°C, күндіз +17...+19°C.

Қонаевта күн құбылмалы, бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы: түнде +14...+16°C, күндіз +23...+25°C.

Қостанайда күн құбылмалы, бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел: 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде +8...+10°C, күндіз +19...+21°C.

Қызылордада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, жел: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде +15...+17°C, күндіз +32...+34°C.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел екпіні: 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде +11...+13°C, күндіз +18...+20°C.

Петропавлда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екіпіні: 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде +8...+10°C, күндіз +15...+17°C.

Семейде күн құбылмалы, бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел екпіні: 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.

Талдықорғанда күн құбылмалы, бұлтты, жаңбыр, жел екпіні: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C.

Таразда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел: 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.

Түркістан қаласында күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні: 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел екпіні: 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде +10...+12°C, күндіз +16...+18°C.

Өскеменде күн құбылмалы, бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы: түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.