Ауғанстанда шахмат азарт ойындардың тізіміне енгізілді

Автор: Мөлдір Қазыбай

«Талибан» қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды

Фото: freepik.com

Ауғанстанда шахмат азарт ойындардың тізіміне енгізіліп, ойнауға тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Sovsport басылымының мәліметінше, Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы ресми түрде шахмат ойнауға тыйым салды.

«Он бір айда бірде-бір ресми турнир, семинар немесе шахматқа байланысты өзге де іс-шаралар болған жоқ. Федерация шенеуніктерінің көпшілігі елден кетті. Кейбір провинцияларда шахматқа тыйым салынады», - деді шахмат федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Абасин Мохиби.

Ауғанстанда 11 титулды шахматшы бар, олардың ішінде бес FIDE шебері және алты КМС бар.