Қостанайда тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысты

Автор: Дәулет Ботагөз

Зардап шеккендер жоқ

Фото: pixabay

Қостанай теміржол станциясында тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 11:20 шамасында маневрлік жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі теміржол өткелінен өту ережесін бұзған.

«Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», — делінген компания хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы барлық көлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.