09.05.2025, 22:37
Жаңалықтар
«Менен батыр жігіттердің өліп кеткенін көзім көрді»: Бауыржан Момышұлының дауысы жазылған аудио жарияланды
Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ, дейді Кеңес Одағының батыры
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
«Қазақстан» РТРК» АҚ Алтын қорында сақталған аудио жазбада Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарын еске алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күн-түн демей еңбек етіп, Жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында — ақ ниетпен, азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Ерлеріміздің қан майданда құрбан болғандары аз емес. Менен ақылды, менен батыр жігіттердің өліп кеткенін көзім көрді. Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жанын аямастан соғысты. Тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті», — делінген аудио жазбада.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды