Тұсаукесер тойында түсірілген видео әлеуметтік желіде талқыға түсті
Продюсер Баян Алагөзова баланың тұсауын кесемін деп жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұсаукесер тойында түсірілген видео елдің назарын аударды. Желі қолданушыларының бірі бөлігі продюсердің ажырасып, басқа күйеуге шыққанын алға тартып, оған баланың тұсауын кестіруге болмайды деген пікір айтып айтып жатыр.
«Мынаған тұсау кестіруге болмайды ғой», «Ырым білмейтін қазақтар шығар», «Тұсау кескенде жібін аяғында қалдыру керек. Қазақтың салтын білмейді» деп кінә артқан. Дегенмен «Баян пысық қой», «Баяндай болып алыңдар. Аллам Баянның бағын еселеп берсін», «Онда тұрған не бар, екінші күйеуімен бақытты ғой» деп қолдап жатқандар да аз емес.