Онда деформациялық жікті жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Астанада Арқар көпірінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 10–20 мамыр аралығында Арқар (М1) көпірінде деформациялық жікті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты аталған кезеңде көлік қозғалысы көпірдің бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеріп жүру ұсынылады.