Найзағай, бұршақ және тұман: Қай өңірлерде дабылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" 9 мамыр, жұмаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, бұршақ жауады, жел күшейеді, найзағай ойнайды. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматыда найзағай ойнап, қатты жел соғады.
Ақтауда өрт қаупі жоғары болады.
Жамбыл облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел соғады және өрт қаупі өте жоғары болады.
Ақтөбе, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел соғады, өрт қаупі жоғары.
Қонаев қаласында және Алматы облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, жел күшейеді және жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз, Атырау, Ұлытау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, екпіні 15-20 м/с жел соғады, өрт қаупі жоғары болады.
Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Талдықорған қалаларында, Маңғыстау, Жетісу облыстарында найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.