$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

200 млн теңгеге жуық «пайда»тапқан: Ақтөбеде қаржы пирамидасының былығы әшкере болды

Ақтөбеде қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

200 млн теңгеге жуық «пайда»тапқан: Ақтөбеде қаржы пирамидасының былығы әшкере болды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында инвестициялық жоба ретінде жасырылған «Harmony Rider Technology» (HRT) қаржы пирамидасының былығы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын америкалық компания ретінде таныстырған бұл ұйым азаматтарға күн сайын 12-ден 690 АҚШ долларына дейін табыс табуды уәде еткен.

Сондай-ақ, жаңа инвесторларды тартқаны үшін криптовалюта түрінде бонустар ұсынылған. Алайда іс жүзінде төлемдер жаңа салымшылардың қаражатынан жүзеге асырылып отырған, бұл қаржы пирамидасының айқын белгілерін көрсетеді.

«Алаяқтық схема салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады. Ұрланған ақша криптовалюта әмияндарына, содан кейін жеке банк шоттарына аударылған.

Қылмыстық іс аясында 70 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді кәсіпорындарға қаражат салмауға шақырады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары