Жетісу облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы тапталып келген
Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мүдделері қорғалды

Жетісу облысында ондаған мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы тапталып келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысында Қаратал ауданының прокуратурасы 19 әлеуметтік-мәдени нысанды визуалды қарау барысында оларға қосымша қолдауды қажет ететін адамдардың қолжетімділігінің жоқтығын анықтады.
Алайда, ауданның 78 тұрғыныны сандарға арнайы бейімделген инфрақұрылым арқылы қол жеткізуді қажет етеді.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша пандустарды жөндеу мен салуға, тактильді жолақтарды орнатуға, көмекке шақыру түймелерін орнатуға бюджеттен 30 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
Аталған заң бұзушылықтар үшін нысанның төрт баланс ұстаушыларына ӘҚБтК-нің 83-бабы 1-бөлігі (мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу) бойынша 390 000 теңгеден астам айыппұл салынды», – делінген прокуратура хабарламасында.