Алма-Арасан шатқалында үстіне тас құлаған қыз бала көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото: pixabay.com

Алматының Бостандық ауданындағы Алма-Арасан шатқалында 2 мамыр күні жартас құлады. Ол кезде зардап шеккендер жоқ деп хабарланған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 мамырда белгілі болғандай, үстіне тас құлап, қыз көз жұмды.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: