Балалар анасымен ауруханадан шығарылды
Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері шала туған үшемді аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Салмағы 1170 гр., 1475 гр және 1685 гр болатын үш қыз кесір тілігі арқылы 1 мамырда дүниеге келді. 35 жастағы әйелге операция жүктіліктің 31-аптасында жасалды. Сәбилер 1 айдан астам уақыт дәрігерлер бақылауында болды.
«Бізде неонаталдық блокта мерзімінен бұрын туған балаларды бағуға барлық жағдай жасалған. Оған қоса дәрігерлердің біліктілігін айту керек. Сәбилер аман болсын, жолдары ашық болсын!», - деді орталықтың бас дәрігері Ғани Бодықов.
Қазір балалар аналарымен бірге перзентханадан шықты.