Ол бұл видео жастық шағынан естелік екенін атап өтті
"Жігіттер" тобының мүшесі Ердос Қанаев бірнеше жыл бұрын жарық көрген клипі желіде жылдам таралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші ол видеоны өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
«Оооу, ағайын инста әлемінде не болып жатыр? Бірақ тик-ток әлемінде әніңіз хит болып жатыр деп осымен мына видеоны бірнеше адам жіберді. Шынымды айтайын, қай жері хит боп жатқанын өзім түсінбедім. Жастық шақ қой», - деп жазды әнші видеоның астына.