Вьетнам басшысы Астанадағы әскери парадқа қатысады

Автор: Алмас Ерсін

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам Астанадағы әскери парадқа қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады», - деп жазылған Ақорданың хабарламасында.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.